«Балабақшаға алғаш рет!»
Құрметті ата-аналар!
Балаңыздың балабақшаға келуі оның өміріндегі маңызды кезең болып табылады.
Бұған: баланың өзіне үйреншікті жағдайдың, күн тәртібі, тамақтану тәртібінің өзгеруі, жаңа балалармен және ересектермен кездесу, ата-анасынан бөліну жатады. Бала өмірдің жаңа жағдайларына бейімделуі керек. Мұны барлық балалар бірдей жақсы жасай бермейді.
Бейімделу кезеңінің ұзақтығы көбінесе баланың денсаулық жағдайына және оның балабақшаға түсуге дайындығына байланысты.
Сіздің балаңыз бейімделу кезеңіне
қалай дайындалуы тиіс:
- Балада келесі мәдени-гигиеналық дағдылар қалыптасуы керек:
- әр түрлі тағамдарды өз бетінше жеу;
- өз қажеттіліктері туралы уақытында хабарлау: дәретханаға сұрану;
- қолды ересектердің көмегімен жуып, сүлгі, бет орамалды қолдану.
2 - үй режимін б/б режиміне жақындатқан жөн.
3-топ тәрбиешілерін баланың мінез-құлық әдеттері және ерекшеліктерімен таныстырыңыз.
Бейімделу кезеңінде келесі ұсыныстарды орындау маңызды:
- жаңа жағдайларға бейімделу кезеңінде баланың денсаулық жағдайындағы өзгерістерді мұқият қадағалап, олар туралы балабақша қызметкерлеріне уақтылы хабарлау қажет
- аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде баланы үйде қалдырып, дәрігерді шақыру керек.
- бейімделу кезеңінде бала әсіресе оған жылы, сүйіспеншілікпен қарауды қажет етеді. Балаңызға мұқият қарап, қамқор және шыдамды болыңыз.
- үйде тыныштық болуын қамтамасыз ету керек, баланы шамадан тыс жүктемеңіз.
- ешбір жағдайда баланы: «Жыласаң мен сені балабақшада қалдырып кетемін» деп қорқытпаңыз.
Баланың балабақшаға бейімделу кезеңінде
онымен қалай сөйлесу керек:
- өзіңізді және баланы позитивті күйге ыңғайлаңыз.
- үйде тыныш, жағымды әсер қалдырарлық жағдай жасаңыз және баланы ертерек әкетіңіз.
- баланың жүйке жүйесіне келтірілетін жүктемені азайтыңыз: адам көп болатын жиындарға бармаңыз, телебағдарламалар көруін азайтыңыз.
Баланың балабақшаға бейімделуін
қалай жеңілдету қажет:
- балаңызбен тез қоштасуды үйреніңіз, осылайша сіз оған және оның өзін-өзі басқару қабілетіне сенімді екеніңізді білдіріңіз. Ажырау процесін ұзаққа созбаңыз. Егер бала сіздің уайымыңызды сезінсе, оған тынышталу қиынырақ болады.
- егер сіз баланың сізге сенуін қаласаңыз, ешқашан да балаға көрінбей кетіп қалуға тырыспаңыз.
- балабақшада қалуға келісуі үшін баланы біреңе сатып алып берем деп алдап көндіруге тырыспаңыз, уәде бермеңіз немесе ойыншық сатып алмаңыз.
- егер сіз балаңызға кем дегенде бір рет көне салсаңыз, болашақта ол қыңырлық көрсетсіп жыласа, оны жеңу қиынырақ болады.
- егер бейімделу сәтті болса, алайда бала ауырып қалуы себепті немесе көп күндік демалыс күндері ұзақ уақыт үйде болып, балабақшаға баруға қатысты проблема қайта туындаса, таңғалмаңыз.
Бала ата-анасынан ажыраған сәтте
жыласа не істеу керек:
- сабырлы болыңыз, баланың алдында мазасызданғаныңызды білдірмеңіз.
- балабақшада баланы кім және не күтіп тұрғанын айтып беріңіз.
- баланы балабақшадан аларда оған көңіл бөліңіз.
- балабақшадан кейін бірден үйге бармаңыз, балаңызбен ойын алаңында, саябақта серуендеңіз, балаға қозғалыс ойындарын ойнауға мүмкіндік беріңіз.
Бала ұйықтағысы келмесе не істеу керек:
- шаршауының алғашқы белгілерін байқаңыз.
- баланы тыныш ойындарға ауыстырыңыз (бірге сурет салу, хикаялар ойлап табу), ойыншықтарды оятып алмау үшін балаңыздан сыбырлап сөйлеуін сұраңыз.
- кешкі жуынып-шайыну уақытында балаға сумен ойнауға мүмкіндік беріңіз.
- бала тіл алмай жатса, ашуға берілмеңіз, сабырлы болыңыз.
- ұйықтар алдында баланы сипаңыз, массаж жасаңыз
- балаңызбен сөйлесіңіз, кітап оқыңыз, ән айтып беріңіз.
Бала шашылған ойыншықтарды жинағысы келмесе
не істеу керек:
- балаға үлгі болып, шашылған жерлерді жинастырып жүріңіз .
- не болып жатқанының мағынасын түсіндіре отырып, ойыншықтарды бірге жинаңыз.
- ойыншықтарды жинау туралы өтініш жасаңыз. Бұйырып сөйлемеңіз.
- баланы ұйқыға жатқызар алдында ойыншықтарды жинауды рәсімге айналдырыңыз.