2024 жылдың 7 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасында» «Мен, сен, ол – бәріміз тату отбасымыз» атты жобасы аясында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған «Жанды сөз» қалалық мәнерлеп оқу байқауын өткізу Ережеге сәйкес «Жанды сөз» мәнерлеп оқу байқауының іріктеу кезеңі өтті.
Ереже негізінде байқауға мектепалды даярлық тобының (6 жас) 14 тәрбиеленушісі қатысты.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оңтайлы жағдайлар жасау, балалардың рухани мәдениетінің өсуіне ықпал ету, оқу мен тәрбие процесінде көркем сөздің рөлін күшейту болып табылады.
Балалардың оқу ортасын кеңейту, оқушыларды көркем әдебиетпен таныстыру, мәнерлі әдеби сөйлеуді дамыту,балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқауға іріктеліп алынған материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды, Отан, достық, отбасы тақырыбына өлеңдер оқылды.
Байқауға қатысушылар өздерінің шеберлігі мен орындалу ерекшелігін көрсете отырып, өлеңдерін жақсы көңіл күймен оқып берді.
Ұзақ талқылаудан кейін әділ қазылар алқасы бірауыздан келесі нәтижелерге қол жеткізді:
ГРАН-ПРИ Виктория Кабанюк, жетекшісі Қ.А.Ахметжановаға марапатталды.
1-орын: Шамина Александра, жетекшісі Курочкина И.Н., Кусидаров Алижан, жетекшісі С.А.Алексеева, Белов Максим, жетекшісі К.А.Ахметжанова, Терентьев Тимофей, жетекшісі И.Н. Курочкина орын алды.
2-орын: Серікбаев Алиар, жетекшісі Г.В Копейкина., Тұрғымбаев Наиль, Асқарұлы Ислам, жетекшісі И.Н. Курочкина, Ахмадиев Нұрасыл, жетекшісі Ж.К.Кеңесбаева, Айдар Наби, жетекшісі Е.П. Зуева орын алды.
3-орын: Мордовский Иван, Қайрат Салим, жетекшісі Соколова Л.В., Танюк Богдан, жетекші Г.В.Копейкина, Пензин Мирон, жетекшісі И.Н.Курочкина орын алды. 

          WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.33_5.jpeg     WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.33_6.jpeg                                                            WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.34_1.jpeg     WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.34.jpeg                                                            WhatsApp_Image_2024-02-16_at_16.01.16.jpeg       WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.33_1.jpeg                                                                WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.33_3.jpeg  WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.33_4.jpeg  WhatsApp_Image_2024-02-16_at_15.59.33_2.jpeg