18 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №62 балабақшасы» КММ-де «Тірі сөз» мәнерлеп оқу сайысының 1-кезеңі өткізілді.
Сайысқа 18 тәрбиеленуші қатысты. Балалар өздерінің шеберліктерін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетті. Отан, табиғат, достық, отбасы туралы өлеңдер оқылды.
Қазылар алқасы бірауыздан шешім қабылдады:
Гран-при: Гармаш Ксения, № 4 «Теремок» тобы
1 орын: Паленко Илья, № 2 «Саулетай» тобы
Тоғаспаева Дарина, № 3 «Ромашки» тобы
2 орын: Нурланов Амирхан, № 9 «Семицветик» тобы
Маратулы Ахметжан, № 4 «Теремок» тобы
Құмаров Али, № 10 «Светлячки» тобы
Шевченко Вадим, № 8 «Росточек» тобы
Зиновьев Михаил, № 9 «Семицветик» тобы
3 орын: Кузнецов Илья, № 10 «Светлячки» тобы.
Мәнерлеп оқу сайысының қалған қатысушылары «Ерлігі үшін», «Отаншылдығы үшін», «Шынайылығы үшін», «Дебют» номинацияларына ие болды.
«Тірі сөз» қалалық қашықтықтан оқу байқауының 1-ші турының қорытындысы бойынша біздің балабақша атынан Ксения Гармаш қатысып, ол жерде де ГРАН-ПРИ жеңіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!