2022 жылдың 25 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақшасы» КММ-де № 4 «Теремок» мектепалды даярлық тобында, «Балалық шақ аралдары» атты бітіру кеші өтті. Мерекелік шараға 12 түлек қатысты. Мерекелік кемеде балалар Білім патшайымы, қарақшы Грюмм және Мұғалім – Сиқыршымен кездесті. Балалар өз білімдері мен өнерлерін ертегі кейіпкерлеріне көрсетіп, бірге ойнап, ән айтып, би билеп, тақпақ оқыды. Балалық шақ аралдарына саяхатта барлығы тамаша көңіл-күйде болды! Мереке соңында директор дәстүр бойынша әр түлекке балабақшаның біткені туралы естелік альбомды тарту етті.
Топ және балабақша өміріне белсене қатысқан ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды!!!

     выпуск.jpg   выпуск1.jpg

  выпуск2.jpg   выпуск3.jpg

   выпуск4.jpg   выпуск5.jpg