Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  № 62 Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшада тәрбиеленушілерді патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының тарихи өткені, бүгіні және жарқын болашағы үшін мақтанышқа тәрбиелеу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді: тақырыптық сабақтар, әңгімелер, презентациялар мен бейнероликтер қарау. Балалар  "Рухани жаңғыру" мұражайын толықтырды,
"Менің Отаным Қазақстан" суреттер көрмесін ұйымдастырды, " Мен кішкентай патриотпын" атты мәнерлеп оқу байқауына қатысты, қорытынды "Мен сені мадақтаймын Қазахстаным"  атты онлайн-концертін өткізді.