«Теремок» мектепалды тобында «Сумен тәжірибе жасау күні» өтті. Балалар судың қасиеттерімен танысып, қолдағы құралдарды қолдана отырып қарапайым тәжірибелер жүргізуді үйренді. Мектеп жасына дейінгі балалар тәжірибелер мен эксперименттерді өте жақсы көреді. Эксперимент - тиімді және қол жетімді, балалардың интеллектісін, зейінін, ойлауын және сөйлеуін дамытады. Балаларды ғылыми тұрғыдан ойлауға, талдауға, қорытынды жасауға және «ғажайыптарды» түсіндіруге үйретеді.
Сумен тәжірибе жасау күні қызықты өтті. Балалар жаңалықтардың қуанышын, ақыл-ойдың қызығушылығын сезінді және танымдық қызығушылықты дамытты.