2024 жылдың 25 қыркүйегінде ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ-де сейсмикалық оқу-жаттығуы өтті.
Іс шараның мақсаты: Төтенше жағдайлар кезінде практикалық іс-әрекеттер дағдыларын және дұрыс әрекеттерді қалыптастыру.
Тәрбиеленушілермен алдын ала дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Жоғарғы, орта және мектепалды топтардың педагогтары 18 қыркүйек 2024 жылы балалармен қауіпсіз аймаққа шығу, өз бетімен қажетті заттарды жинау, ғимараттан қауіпсіз орынға шығуды үйрен мақсатында «Жер сілкіну кезіндегі әрекет» тақырыбында сабақтар өткізді. Балалар өткен материалды тез қабылдады, әсіресе мультфильм көргеннен кейін, үйткені жер сілкіну кезіндегі дұрыс әрекетті мультфильмнің басты кейіпкерлері тақпақтап, түсінікті, бала тілімен жеткізді. Сонымен қоса, балалар тез, дұрыс, ұзаққа созбай, қауіпсіз орынға тығылуға жаттығу жүргізіді: үстелдің астына, терезе жақтауына тығылу. Тәрбиеленшілер алған білімдерін жалпы балабақшалық сейсмикалық жаттығуда толықтырып, бекіте түсті.
Жер сілкінісі кезінде қауіпсіз жерге шығару жаттығуларына балабақшадан барлығы 227 адам қатысты, соның ішінде:
- 56 педагог
- 35 техникалық қызметкер
- 136 тәрбиеленушілер
Басталуы: 11.00
Аяқталы: 11.30
Оқу-жаттығулардың ұзақтығы – 30 минут.

1-қабатта орналасқан педагогтар, қызметкерлер, тәрбиеленушілер ғимараттан шығып қауіпсіз жерлерге, ғимараттан аулық жерлерге орналастырылды. Ал 2-3 қабаттардығы педагогтар, қызметкерлер, тәрбиеленшілер қауіпсіз орындарға ( есіктің ішкі жақтауына, бөлменің ішкі бұрыштарына, біртұтас қабырғалар астырна, үстел астына).
Барлық қимыл-қозғалыстар сейсможаттығулардың жоспарына сай өткізілді.
Әр топта: тәрбиеленушілер тізімі, бейдж, мақта-дәкелі таңғыш, ауызсу, жедел жәрдем қобдишасы, жарық түсіргіш, ысқыруық болды. Сейсможаттығу кезінде ешқандай қателіктер мен бұзушылық болған жоқ, керісінше тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің арасында бірлескен іс әрекет байқалды.

 

           WhatsApp_Image_2024-09-26_at_14.42.29.jpeg  WhatsApp_Image_2024-09-26_at_14.42.30.jpeg  WhatsApp_Image_2024-09-26_at_14.42.33_1.jpeg

WhatsApp_Image_2024-09-26_at_14.42.33.jpeg

          WhatsApp_Image_2024-09-26_at_14.42.32_1.jpeg    WhatsApp_Image_2024-09-26_at_14.42.32.jpeg