2023 жылдың 13 қазанында ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «62-арнайы балабақшасы» КММ-де айлық жоспар бойынша өрт кезінде эвакуациялық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуына 214 адам қатысты, оның ішінде:
* 52 мұғалім
* 32 техникалық қызметкер
* 130 тәрбиеленуші
Оқу-жаттығу балабақша әкімшілігімен құрылған жоспарға сәйкес жүргізілді. Сағат 11:00-де «Барлығының назарына!» ескерту дабылы соғылды. Өрт дабылын естіген қызметкерлер мен тәрбиеленушілер бірден нұсқауларға сәйкес әрекет етуге кірісті.
Эвакуация нұсқаулық талаптарына сәйкес ұйымдасқан түрде және жылдам өтті. Эвакуациялық оқу- жаттығу сәтті өтіп, барлық қызметкерлер мен тәрбиеленушілер эвакуацияланды.
Сондай-ақ қызметкерлер мен тәрбиеленушілер төтенше жағдайларда әрекет етуді жетік білуі үшін мұндай оқу-жаттығуларын жүйелі түрде өткізу қажеттігін көрсетті.