2022 жылғы 26 мамырда "Росточек" мектепалды даярлық тобында "Стиляги" тақырыбы бойынша балабақшамен қоштасу кеші өткізілді. Мерекеге 12 бала қатысты. Сценарий бойынша балалар "Сиқырлы граммофон" көмегімен уақыт аралығында саяхаттады. Мерекеде балалар өз өнерлерін көрсетті. Топ педагогтарымен бірге әсерлі әндер орындады, орыс және қазақ тілдерінде өлеңдер оқыды. Сәнқұмарлардың жалынды билері мерекенің барлық қонақтарының көңіл-күйін көтерді. Балалар мен ата-аналар эстафета ойындарын өткізуге белсенді қатысты. Балабақша директоры Ибраева Гүлден Ахметқалиқызы балаларға балабақшаны бітіргені туралы диплом табыстады. Балабақша өміріне белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хаттар табысталды. Мереке соңында балалар тілек айтып, аспанға шарлар ұшырды! Түлектерімізге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

              8_группа.jpg   8_группа1.jpg

       8_группа2.jpg   8_группа3.jpg

                  8_группа4.jpg   8_группа5.jpg