25 қазанда Қазақстан Республикасында «Республика күні» ұлттық мерекесі өткізіледі. 17.10- 21.10.2022ж. аралығында біздің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62» КММ балабақшада Республика күнін мерекелеу аясында «Гүлде менің өлкем, Қазақстан!» балалардың туған өлкенің мәдениеті мен дәстүрлері туралы түсініктерін кеңейту, өз Отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мақсатында тақырыптық апталық өтті.
Апта бойы «Сені сүйемін,Менің Қазақстаным!», «Менің Қазақстаным, менің Республикам!», «Гүлде менің Қазақстаным!» атты ертеңгіліктер өтті.
Суреттер көрмесіне мектепалды даярлық топтарының балалары белсенді қатысты.
Сабақтар мен ертеңгіліктерде балалар республикамыздың жетістіктері мен көрікті жерлері туралы көптеген қызықты нәрселерді білді, туған өлкенің табиғатының әсемдігі туралы өлеңдер оқыды, жұмбақтарды шешіп жарысты, қимылды халық ойындарын ойнады, ән айтып, би биледі.

республика.jpg   республика1.jpg   республика2.jpg

республика3.jpg  республика4.jpg   республика5.jpg

   республика6.jpg   республика7.jpg   республика8.jpg

   республика9.jpg   республика10.jpg   республика11.jpg

                                                          республика12.jpg