ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 62 арнайы балабақшасы» КММ-де психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің отырысы өтті. Балаларды тексеру бойынша бастапқы мониторинг қорытындыларын қарады, күрделі және аралас диагноздары бар балалармен түзету жұмыстарын шешу жолдары мен бағыттарын тапты. Логопедтер бастапқы мониторинг нәтижелерімен таныстырды. Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуі бұзылған балаларға, мінез-құлқы қиын балаларға ерекше назар аударылды. Түзету жұмыстарының бағыттары ұсынылды, атап айтқанда, оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, түзету-дамыта оқытудың бейімделген бағдарламасын құру.