2022 жылдың 24 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №62 балабақшасы» КММ-де №1 «Почемучки» тобында бітіру кешіне арналған «Ерке ханшайым жайлы ертегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған 12 бала қатысты. Балалар мереке бойы балабақшада алған білімдері мен өнерлерін көрсетті. Балалар ән айтты, өлеңдер оқыды, би шығармаларын орындады. Қойылымға қатысқан ұстаздар өздерінің бар шығармашылық қабілеттерін, әртістік шеберліктерін, ынта-жігерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, жақсы өнерпаздар екендіктерін көрсетті. Балабақша директоры игі дәстүр бойынша түлектерге ақ жол, оқуда сәттілік, әрине, туған балабақшасын ұмытпауларын тіледі. Әр түлекке балабақшаның біткені туралы сыйлықтар мен альбомдар берілді, сонымен қатар топ пен балабақша өміріне белсенді қатысқан ата-аналарға грамоталар табыс етілді.

       1_группа.jpg   1_группа1.jpg

                        1_группа2.jpg   1_группа3.jpg

                                1_группа4.jpg