01.02.2024 жылы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ балабақша директоры Г.А.Ибраева, балабақша педагогтары мен қызметкерлеріне «ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ педагогтар, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті» тақырыбына, жер сілкіну кезіндегі әрекеттерді айта отырып, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңының 46 бапттың 3 тармағымен, 02.07.2020 жылғы ҚР ІІМ №494 «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» заңымен таныстыра отырып оқу сабағын өткізді.
Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша нұсқаулық жүргізді. Сонымен қоса, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет туралы жадынама таратып, «Төтенше жағдайлар бойынша хабарлама» стендімен таныстырды.
02.02.2024 жылы тәжірибелік оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу мақсаты: педагогикалық құрамның, қызметкерлердің, тәрбиленушілердің жер сілкінісі кезіндегі АҚ іс шараларын орындау деңгейінің дайындығын тексеру.
Эвакуациялық жаттығуға барлығы 210 адам қатысты. Соның ішінде:
- 55 педагог
-35 техникалық қызметкер
-120 тәрбиеленуші
Басталды: 12-00
Аяқталды:12-30
Жаттығуды өткізу уақыты – 30 минут.
1-қабатта орналасқан топтар, педагогтар, қызметкерлер және тәрбиленушілер ғимараттан шығып, балабақшаның қауіпсіз аумағына көшірілді. 2 және 3 қабатта орналасқан топтар қауіпсіз орындарға (есік қуысы, бөлменің ішкі бұрыштары, қабырғалардың жанына, үстелдің астына) орналастырылды.
Сейсмикалық жаттығулар жоспарына сай барлық іс-әрекеттер орындалды.
Әр топта тәрбиленушілер тізімі, бейдждер, мақта-мата таңғыштары, ауыз су, жедел жәрдем қобдишасы, фонарь, ысқыруық болды.
Сейсмикалық жаттығу кезінде ереже бұзушылықтар мен ескертулер болған жоқ. Барлық педагогтар мен қызметкерлердің жұмысында бірлескен, ынтымақтасқан жұмыс байқалды.

WhatsApp_Image_2024-02-02_at_13.44.38.jpeg  WhatsApp_Image_2024-02-02_at_13.44.30.jpegWhatsApp_Image_2024-02-02_at_13.44.25_1.jpeg  WhatsApp_Image_2024-02-02_at_13.30.24.jpeg

WhatsApp_Image_2024-02-02_at_13.30.22.jpeg   WhatsApp_Image_2024-02-02_at_13.30.22_1.jpeg7.jpg    8.jpg9.jpeg    10.jpg       11.jpeg