Отан қорғаушылар күніне орай «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақшасы» КММ-де бірқатар іс-шаралар өткізілді:
«Отан қорғаушылар» тақырыптық сабақтары, «Менің ең басты қорғаушым» челленджі, «Батырлар» ойыны, балалардың моральдық-патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталған «Зарничка» әскери-спорттық ойыны.
Балалар Қазақстанның ұлттық ұланы, әскердегі әскери қызметшілердің өмірі,Қазақстан армиясының маңыздылығы мен қажеттілігі туралы білімдерін толықтырды.
«Зарничка» әскери-спорттық ойынында тәрбиеленушілер нағыз сарбаздар болып, әскери қызметтен өте алды. Берілген маршрут бойынша балалар барлық міндеттерді орындады: күш сынасу, ептілік және дәлдікпен жарысты, сұрақтарға жауап берді, мина алаңынан өтті, таңғыштар салуды үйренді және біздің мектепке дейінгі жауынгерлеріміз Отанның нағыз қорғаушысы болатынын дәлелдеді!