1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
Бұл – татулықтың, бірліктің, бірлік пен бақыттың мерекесі. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №62 балабақшамыз бір үлкен тату отбасы болып, ықыласпен, қуанышпен тойлауда. Бүгінгі «Қол ұстаймыз» атты достық дөңгелек би кеші соның дәлелі болды.
Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың әртүрлі халықтардың мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту, құрмет сезімін қалыптастыру, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарау, жаңа білімге қызығушылық пен балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту.