2023 жылғы 27 ақпанда «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақша» КММ «Үй-жайларды тексеру техникасы, жарылғыш құрылғыларды салу орындарын анықтау, терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою жөніндегі мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды пысықтау жөніндегі іс-шаралар» курсы бойынша оқудан өтті.
Оқыту барысында балабақша қызметкерлері терроризмге қарсы қорғану туралы білімдерін кеңейтті: иесіз заттарға қырағылық таныту, балабақшадағы бөгде адамдарды байқау, бақылау-өткізу режимін сақтау және тағы басқалар.