Жеңіс күніне орай «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақшасы» КММ-де «Ұлы Жеңіс үшін ата-әжелерімізге рахмет» суреттер көрмесі ұйымдастырылды, көркем туындылардың көмегімен балалар Ұлы Жеңіс мерекесі, бейбітшілік, отанымыз туралы өз әсерлерін білдірді.
Сондай-ақ, «Жеңіс оты сөнбейді» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді, онда біздің тәрбиеленушілер соғыс жылдарындағы әндер мен билерді орындап, соғыстың ауыртпалықтары, бейбіт өмір туралы өлеңдер оқыды.
Балабақша ұжымы мен тәрбиеленушілері барлығына ашық аспан, жарқын күн, бейбітшілік, жер бетінде өмір сүретіндердің барлығына қуаныш пен бақыт тілейді! Бүкіл жер шарында бейбітшілік болсын!