Қазақстан бойынша жыл сайын 5 қазан күні ең керемет мереке - Ұстаздар күні - аталып өтеді. Бұл күн – жалпыға ортақ мереке, алған білімі мен біліктілігіне, біліміне ризашылық білдіретін барлық ұрпақтың мерекесі. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ-де, ұжым болып Мұғалімдер күніне арналған мерекені атап өтті.
Ұжымның шығармашыл педагогтары балабақшаның ардагер педагогтарына арнап құттықтаулар жолдады.
Тәрбиленушілердің «Ұстазға алғыс!» атты құттықтаулар көрмесі ұйымдастырылды. Мектепалды даярлығы топтары да шығармашылық жұмысқа белсене араласып, өз тәрбиешілеріне, мұғалім-логопедтеріне, оқытушыларына және балабақша қызметкерлеріне арнап , құттықтау хаттары мен шығармашылық сыйлықтар жасады.
«Еңбек әулеті немесе неге ұстаздық мамандықты таңдадым» атты жас ұстазбен сұхбат өте қызықты болды. Ұстаздар әулетінің өкілі Маргарита Юрьевна Артемьева сөз сөйлеп, асыл кәсіп туралы айтты.
Ұстаздар күні қарсаңында балабақшамызда кәсіподақ ұйымымен бірлесе мерекеге орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ұжымымызды салтанатты түрде құттықтады. Директор Ибраева Гүлден Ахметқалиқызы білім саласындағы адал және көпжылдық еңбегі үшін мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етсе, кәсіподақ комитетінің төрайымы өз кезегінде жалпы ұжымды құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Ұстаздарға әдемі құттықтаулар айтылып, тамаша әндер шырқалып, тақпақтар айтылып, шығармашылық қойылымдар қойылды. Концерт барлық балабақша қызметкерлеріне қуанышты көңіл-күй сыйлады.