224 ақпанда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақшасы» КММ-де «Шымырлық пен шеберлік күні» аясында «Ханталапай» ұлттық ойындар конкурсының Ережесі негізінде Наурыз мейрамын мерекелеуге іріктеу кезеңі өтті.
​Байқау «Толағай», «Мерген» және «Алпамыс» командаларына бөлінген мектепалды топтардың тәрбиеленушілері арасында өткізілді.
​Ойын балалардың қызығушылығын тудырды және 1,2 және 3 орындарды иеленген жеңімпаздар анықталды. Оларға 1 орын үшін «Алтын» асық, 2 орын үшін «Күміс» асық және 3 орын үшін «Қола» асық табысталды.
​Ішкі конкурстың қорытындысы бойынша қалалық деңгейдегі «Ханталапай» ойын конкурсының I кезеңіне қатысу үшін 1 орын алған жеңімпаз, «Алпамыс» тобы қатысады.

    хантал.jpg  хантал1.jpg

   хантал2.jpg  хантал3.jpg