23 ақпан күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақшасы» КММ-де Наурыз мейрамына арналған «Шымырлық пен шеберлік күні» аясында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» қалалық қолөнер конкурсын өткізу туралы Ереже негізінде іріктеу кезеңі өтті.
Байқауға ата-анасымен (анасы, әжесі) бірге 5 тәрбиеленуші қатысты. Қазылар алқасы байқаудың қалалық кезеңіне қатысатын №4 «Теремок» орта тобының тәрбиеленушісі Орлова Ева мен оның анасы Лидия Сергеевнаның жұмысын таңдады. Жұмыс «Құтты болсын әз – Наурыз» деп аталды!
Бұл байқау қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерделеу кезінде танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін, ата-аналармен өзара іс-қимылын қалыптастыруға ықпал етті.
Жұмыста қазақ халқының ұлттық шығармашылығының негізгі элементтері пайдаланылды. Көркем безендіруге, бөлшектерге, сюжетке көп көңіл бөлінді.

              ева.jpg      ева1.jpg

              ева2.jpg    ева3.jpg