Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Дәстүр бойынша біздің балабақшада күзге арналған іс-шаралар өткізілді. Күз - тамаша шығармашылық идеяларды жүзеге асыру үшін өзінің жарқыраған және түрлі-түсті түстерімен шабыттандыратын тамаша жыл мезгілі.
2023 жылдың 23 қазанынан 27 қазанына дейін «Күз сыйлары» балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты ата-аналарды балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне тарту, көркемдік-эстетикалық қабылдауды дамыту, сонымен қатар балаларды табиғатпен таныстыру, қоршаған әлем туралы білімдерін жинақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Балалар ересектермен бірге табиғи материалдардан қолөнер жасады. Көрмеде орман композициялары, күз ертегілері, ойын жағдайлары, ойыншықтар ұсынылды. Әрбір жұмыс әр баланың шығармашылық даралығын, қиялын көрсетті. Барлық жұмыстар ерекше және қызықты.
Табиғи материалдардан жасалған қолөнер сайыстарына отбасылардың қатысуы, отбасының бос уақытын тиімді пайдаланға және балалар мен ересектерді ортақ іс-әрекетке біріктіреді. Осының нәтижесінде балаларда еңбексүйгіштік, ұқыптылық, жақындарына көңіл бөлу, еңбекке деген құрмет қалыптасады. Бұл патриоттық тәрбиенің, туған жерге, бізді қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктің бастауы.
Аяқталған жұмыстардың ешқайсысы назардан тыс қалмай, келесі номинациялармен марапатталды: «Күзгі шұлық», «Көңілді жануарлар», «Ерекше гүл шоғы», «Күз мезгілі», «Бау-бақша және ел жетістіктері», «Ертегі» т.б.
Балалардың шығармашылығы бағаланып, әр жұмыс өз номинациясына ие болды.
Сондай-ақ балаларға арналған ойын-сауық өтті: «Сіздерді күзде бізге қонаққа шақырамыз»!
Әсем күз балалармен дөңгелек би билеп, түрлі ойындар ойнады, балалар көкөніс пен жеміске айналды, жұмбақтарды шешіп, тақпақтар оқып, би биледі. Күз фестивалі сәтті өтті!

viptalisman_117689_1.jpeg     viptalisman_117689.jpeg

viptalisman_162013.jpeg    viptalisman_192961.jpeg

Гр__1.jpeg   гр__2.jpeg

гр_3.jpeg   гр_4.jpg

гр_5.jpeg    гр_6.jpeg

гр_7.jpeg    гр_8.jpeg

Гр_9.jpeg    гр_10.jpg

11-12_гр.jpeg  Гр_13.jpg

гр_14.jpeg