Наурыз - – бұл көктем мерекесі, жаңару мен гүлденудің белгісі. Бүгін, 14 наурыз «Көрісу күні- Амал мерекесі» күні, дәстүр бойынша туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкендерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ –де қызметкерлері таңертең ерте ата-аналар мен тәрбиеленушілерді құттықтау сөздермен қарсы алды. Әр топта «Көрісу күні – Амал мерекесіне» байланысты безендірулер мен құттықтаулар, жалпы мерекелік көңіл күй орнатылды. Жақсы көңіл-күймен қарсы алу ата-аналар мен тәрбиеленушілер үшін күтпеген жағдай болды және оларға өте ұнады. Ата-аналар тарапынан да құттықтаулар мен алғыстар айтылды.