1 қыркүйек Білім күні-бұл мектептердің дәстүрлі мерекесі, бірақ балабақшаның кішкентай бүлдіршіндерін есейтіп, шымыр және ақылды ететін оқу жылын мектеп жасына дейінгі балаларда қуанышпен қарсы алады. Біздің балабақшада 1 қыркүйек Білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
Балалар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білу үшін білім еліне саяхат жасады. Балалар жұмбақтар шешіп, «Портфель жина», «Жас математиктер», «Мектепке жол», «Әуенді тап» ойындарын ойнады, мектеп туралы әндер тыңдады, би биледі және жарысты.
1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Балалар мен мұғалімдерге 1 қыркүйек күні ғана емес, балабақшада өткізілген барлық күндердің қуанышты болуын тілегім келеді.