30 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшасы» КММ-де тәрбиеленушілер арасында «Менің ана тілім-менің тірегім!» атты мәнерлеп өлең оқу челленджі ұйымдастырылып өткізілді. Әдеби челлендж кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті оятуға, балалардың оқу қабылдауымен байланысты шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Тәрбиеленушілер туған өлке туралы эмоционалды, көтеріңкі дауыста және мәнерлеп өлеңдер айтты. Бұл кішкентай көрермендерді қуанышты, эмоционалды көңіл-күйге бөледі.