2023 жылдың 13 наурызында «Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған №62 балабақшасы» КММ-де мектепалды даярлық топтарының ата-аналары арасында орта білім беру ұйымдарында болашақ бірінші сынып оқушыларын одан әрі орналастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
​«Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы», Орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағында тұратын барлық балаларға қолжетімділігі бар алты жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балаларды бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа қабылдауды жүзеге асыратыны туралы хабардар етілді.
№ 9, 19, 8, 23 мектептер, «Бриг» жекеменшік мектебі, Меновновное орта мектебі, № 13 және басқа мектеп әкімшілігінің өкілдері мектепке түсу ережелері, оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет, түзету және инклюзивті сыныптардың жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

                   класс.jpg  класс1.jpg

     класс2.jpg  класс3.jpg

  класс4.jpg  класс5.jpg

        класс6.jpg  класс7.jpg

                     класс8.jpg