№62 балабақшамызда 1 мамыр мерекесі қарсаңында 28.04.2022 жылы осынау шуақты, нұрлы күн Қазақстан халықтарының ойындары мерекесіне арналды.
Республикамызда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады және балаларды әртүрлі халықтардың ойындарымен таныстыру мақсатында алдын ала жұмыстар жүргізілді. «Біздің достық планетамыз» ойындар фестивалінде балалар түрлі ойындар ойнап, сол арқылы еліміздің тарихымен танысып, сөздік қорын молайтты, жаңа сөздерді меңгерді.