«№62 арнайы балабақшасы» КММ –де «Біртұтас тәрбие» атты тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру және жұмыс жоспарын талқылау үшін директордың және педагогтардан құралған шығармашылық топтың қатысумен 18 қыркүйек 2024 жылы дөңгелек үстел өткізілді. Шығармашылық топ жұмысына 11 педагог қатысты: оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәрби ісі жөніндегі директордың орынбасары, аға тәрбиешілер, әдістемелік бірлестіктің жетекшілері және тәлімгерлік клуб жетекшілері.
«Қазақстан Республикасы Білім министрлігі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығы, 2-тармақтың 2-тармақшасы «Республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 2025 оқу 2024жылынан бастап «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасын іске асыруды бастау»;
3-тармақтың 2-тармақшасы «2024-2025 оқу жылынан бастап меншік нысанына қарамастан білім беру орындарының барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен (келісім бойынша) «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасын іске асыру басталсын.
Шығармашылық топ «Біртұтас тәрбие» атты тәрбие бағдарламасының жоспарын әзірледі. Жоспарды балабақша директоры Гульден Ахметкалиевна Ибраева бекітті.