16-20 қантар аралығында «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №62 балабақшасы» КММ-де «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» онкүндігі өткізілді. Ойын түрінде мектеп жасына дейінгі балалар жол ережелері туралы білімдерін бекітті, жол белгілері туралы жұмбақтар шешті, дидактикалық және рөлдік ойындар ойнады, оқу презентациялары мен бейнероликтерді көрді.
Топтарда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жол қозғалысы ережелерін зерделеу бойынша бұрыштар жаңартылып, толықтырылды.
Тәрбиешілер әр балаға жол қозғалысының әрбір қатысушысы, ересек адам да, бала да белгіленген ережелерді орындауға міндетті екендігі туралы түсінік беруге тырысты, сонымен қатар балаларда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастырды.

            безопас.jpg  безопас1.jpg  безопас2.jpg

       безопас3.jpg  безопас4.jpg  безопас5.jpg  безопас6.jpg

                  безопас7.jpg  безопас8.jpg  безопас9.jpg

   безопас10.jpg  безопас11.jpg  безопас12.jpg

                        безопас13.jpg  безопас14.jpg