26 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған қалалық білім бөлімінің іс-шаралар жоспары бойынша ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшасы» КММ - де «Балалар учаскесі-сиқыр әлемі» акциясы өткізілді. Акцияға № 1,4 орта топтар және
№ 2,7,8,9,10,12,13 үлкен топтар қатысты. Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары серуендеу учаскесіндегі барлық ғимараттарды абаттандыруға, жөндеуге және бояуға белсенді қатысты. Олар өздерінің қиялын, еңбекқорлығын және ынта-жігерін көрсетті. Нәтижесінде әр учаскеде жаңа гүлзарлар пайда болды. Қимылдарды дамытуға, тәжірибелік-эксперименттік іс-шараларды өткізуге, балалардың шығармашылығын дамытуға арналған ойын құралдары жасалды.