Жылдық жоспар аясында «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған
№ 62 балабақшасы» КММ-де «Қамқор ата-аналар» клубының отырысы өтті. Отырыстарды өткізудің мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелерінде балабақша мен отбасы арасында әріптестік қарым-қатынас орнату болып табылады. Ата-аналар клуб отырыстарына белсенді қатысады, тәжірибелерімен бөліседі, пікір алмасады.
Бірінші отырыс «Балабақшаға қуанышпен» тақырыбына арналды, онда балаларды балабақша жағдайына бейімдеу мәселелері талқыланды. Практикалық бөлімде оригами техникасында қағаздан қолөнер жасау бойынша мастер-класс өткізілді.
Бұл шараға ата-аналар үлкен қуанышпен қатысты.