Бүгін, 5 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ-де Қазақстан Республикасының Тілдер күні мемлекеттік мерекесін атап өтті. Балалар өлеңдер, әңгімелер, ертегілерді тыңдады. Көрнекті ақын, ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған шығармашылығымен танысты.Топтарда өлкетану бұрыштарына экскурсияларға барып, түрлі ұлттық ойындар ойнады.
Сондай-ақ, «Қазақшаң қалай, балақай?» тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілді білуіне байқау өтті. Байқаудың мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың қазақ тіліне, туған жеріне деген құрметін ояту арқылы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілді меңгеруін жетілдіруге қолдау көрсету болып табылады. Байқау аясында әр бала қазақ тілін меңгеру бойынша білімін көрсетті. Байқауға қатысушылар дәмді, тәтті сыйлықтармен марапатталды.