2024 жылғы қазан айының 14-24 аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 62 арнайы балабақшасы» КММ-де Қазақстан Республикасы күніне арналған шаралар өтті. «Менің Отаным» тақырыбында балалар мен олардың ата-аналары түсірген фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің ұйымдастырылуы отансүйгіштікті, сондай-ақ Қазақстан – халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет екендігі туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпалын тигізді.
Қазан айының 14-18 аралығында «Өнеріміз саған – Қазақстан» атты фестивалі өтті. Фестиваль аясында балалар би және ән нөмірлерін орындады, өлеңдерді мәнерлеп оқу, сондай-ақ музыкалық аспаптарда ойнаудан конкурстар ұйымдастырылды.
Бірнеше күн бойы барлық топтарда «Отаным – Қазақстаным» ертеңгіліктері, Республика Күніне арналған тақырыптық сабақтары өткізілді. Іс-шаралар басталар алдында балалар ҚР әнұранын ерекше салтанатпен орындады. Барлық іс-шара салтанат пен ізгі ниет аясында өтті. Балалар біздің Қазақстан туралы өлеңдерді екі тілде асқан құлшыныспен оқыды. Ән-билерде өз Отанына деген сүйіспеншілік, жетістіктер үшін мақтаныш, тамаша болашаққа деген сенім айқын көрінді. Түрлі ұлттық ойындар өткізілді. Балалар айрықша қызығушылық пен белсенділік танытты. Мейрам балалар үшін естен кетпес әсерлер қалдырды.