Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақшасы» КММ-де қыркүйек айында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатынды бірінші рет ойын түрінде «Қауіпсіздік сабақтары» өтті. Мақсаты: балаларды қауіпті жағдайлар кезінде төтенше жағдай телефон номерлерін дұрыс қолдануды үйрету.
Үлкен және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қалалық қызметтердің (өрт сөндіру бөлімі, полиция, медициналық көмек, авариялық-құтқару қызметі) негізгі телефон нөмірлерін жаттап алды. Балалар әр түрлі жазатайым оқиғалардың алдын алуға болатын жағдайларды және қиындық туындаған жағдайда қалай көмектесуге болатынын ойластырды.
Тәрбиеленушілер танымдық видеороликтерін тамашалады, топтарда постер құрастырды, «Диспетчерлік қызмет» рөлдік ойынына қатысты, тәрбиешілердің жетекшілігімен жедел жәрдем шақыру сценарийлерін құрастырды. Тәрбиленушілер үшін ақпарат маңызды және қажет болды, ол оларды жеке қауіпсіздік және айналасындағылардың қауіпсіздігі туралы ойлануға мәжбүр етті.