14-18 қараша аралығында № 62 сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшада педагогикалық кеңеске орайластырылған "Анам, әкем, мен — спорттық отбасымын" спорттық іс-шаралары өтті.
Спорттық іс-шаралар мектепалды даярлық топтары үшін өткізілді, олардың басты мақсаты тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және оларды жүйелі спортпен шұғылдануға тарту болды.
Спорттық іс-шаралар қызықты және көңілді болды, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырды. Спорт алаңында күлкі, қызық пен көңілділік орнады. Өткізілген спорттық іс-шаралар балалар мен ата-аналарды біріктірді, ешкімді бей-жай қалдырмады.

    спорт.jpg  спорт1.jpg  спорт2.jpg  спорт3.jpg

                                спорт4.jpg  спорт5.jpg  спорт6.jpg  

                                                 спорт7.jpg  спорт8.jpg