2023 жылдың 1-7 наурыз аралығында «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №62 балабақшасы» КММ-де Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер өтті.
8 наурыз – көктемнің ең ғажайып, ең нәзік мерекесі! Бұл күн ерекше, ол күн сәулесімен, әйелдердің күлкісімен, шашыраңқы гүлдермен, нәзіктікпен безендірілген.
Балалар өздерінің тақпақтарымен, билерімен, әндерімен аналар мен әжелерге көптеген жылы лебіздер, нәзіктік пен ілтипат сыйлады.
Мереке қатысушылары мен қонақтары үлкен әсер алып, жағымды көңіл-күйге бөленді.