22 ақпанда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақшасы» КММ-де Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анам, әжем және мен» конкурсының қалалық кезеңін өткізу туралы Ереженің негізінде іріктеу кезеңі өтті.
Іріктеу кезеңінің жеңімпазы № 2 «Сәулетай» үлкен тобының тәрбиеленушісі Бобылева Екатерина болды, ол конкурсқа анасы Лапшова Ирина Александровна және әжесі Лапшова Валентина Степановнамен бірге қатысты.
Байқаудың мақсаты-отбасылық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беру, танымдық қызығушылықтарды дамыту, ұлттық тағамдар дайындауда қызығушылық таныту, озық тәжірибені жалпылау және тарату, «Әже мектебі» іс-шарасын кеңейту.
Байқауға қатыса отырып, әжесі Катяға бауырсақтарды дайындау «өнерін» табыстап, өзінің шеберлігімен бөлісті.
Конкурстың қалалық кезеңіне қатысқан Катя және оның отбасы 3 орынға ие болды. Біз өте қуаныштымыз және құттықтаймыз!