2024 жылғы 20 желтоқсанда Еуразиялық банк өкілдері ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «62 арнайы балабақшасы» КММ-де Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық акциясымен болды. Балабақшаға футбол фишкалары, кірпі шарлары, доп сорғысы, баскетбол, волейбол, футбол спорттық доптары сыйға тартылды. Банк өкілдері тәрбиеленушілермен «Жаңа жылға қарсы старттар» атты спорттық іс-шара: «Футбол гимнастикасы», «Нақты футболшы», «Пас бер», «Тату команда» өткізді.
Балалар жылдамдықпен, ептілікпен, командада жұмыс істей білумен жарысты. «Жаңа жылға қарсы старттарға» қатыса отырып, балалар өздерін үлкен спорттық біртұтас отбасы сияқты сезіне алды!
Мереке қызықты әрі көңілді өтті, балалар мен ересектер сергектік, көңілділік, көптеген жағымды әсерлер және ең бастысы, жақсы көңіл-күй алды. Жарыс спорттың, денсаулық пен жастықтың нағыз мерекесіне айналды! Нәтижесінде достық жеңіске жетті.
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «62 арнайы балабақшасы» КММ мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Еуразиялық банкке алғысын білдіреді.